Жасқа да, мүгедекке де жұмыс бар

Қысқаша

Ал «Қоғамдық жұмыс» бағытының негізгі шарты – өтінім берушілердің біліміне, жұмыс тәжірибесі маңызды емес. Онда қатаң талаптар жоқ. Бұл бағыт бойынша азамат 12 айға (жылдың соңына дейін) арналған уақытша жұмыспен қамтылады. Мұнда да жалақыны мемлекет төле

Screenshot_3.png

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту. Бұл бағыт бойынша Шымкент қаласында жыл соңына дейін 21 842 жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту жоспарланса, нақты жыл басынан бері 5 885 адам қамтылған. Атап айтқанда бос жұмыс орындарына – 2430 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 109, «Жастар практикасына» – 568, ақылы қоғамдық жұмыстарға 2778 адам жолданды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 229 азамат жұмыспен қамту шараларына жұмылдырылды.

– Өңірімізде бірнеше жылдан бері кең таралған «Жастар практикасына» тоқтала кетсек, ол – жас түлектерге арналған, арнайы не жоғары оқу орнын бітірген, жасы 29-ға толмаған, өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарлама. Түлектің оқу аяқтағанына 3 жылдан аспауы керек. Бұл бағдарлама бойынша жалақы мемлекет тарапынан төленеді. Биыл оның мөлшері – 25 АЕК. Бағдарламаға азамат бір-ақ рет қатыса алады. Жұмыс алты айға арналған. Онда жас маман өз мамандығы бойынша тәжірибе жинайды. Егер жұмыс берушінің көңілінен шығып жатса, 1-2 айдан соң-ақ, сол жерге тұрақты қызметке тұруына болады. Ал егер 6 ай бойы өзін көрсете алмаса, жұмыспен қамту орталығына қайта келіп тұрақты жұмыс іздейтін болады, – дейді жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Майя Алибжанова.

Ал «Қоғамдық жұмыс» бағытының негізгі шарты – өтінім берушілердің біліміне, жұмыс тәжірибесі маңызды емес. Онда қатаң талаптар жоқ. Бұл бағыт бойынша азамат 12 айға (жылдың соңына дейін) арналған уақытша жұмыспен қамтылады. Мұнда да жалақыны мемлекет төлейді, оның мөлшері – 72 мың теңге.

Үшінші бағыттағы әлеуметтік жұмыс орындарының өз ерекшелігі бар. Мұнда жұмыс берушілердің тарапынан штаттан тыс, қосымша орындар ашылуы керек. Бұл бағыт бойынша жіберілген жандарға төленетін жалақының 35 пайызы ғана мемлекет тарапынан төленеді, тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына азаматтар мамандығын растайтын құжат (куәлік, диплом) бойынша жіберіледі.


    A+
Уақыты: 2021-04-23  Айдарша: Өңір
TAG: