Түркістан экономиканың да өзегіне айналуы тиіс

Қысқаша

Түркістан экономиканың да өзегіне айналуы тиіс

97.jpg

 

Мемлекет басшысы айтқанындай, Түркістан – тек мәдениеттің ғана емес, экономиканың да өзегіне айналуы тиіс. Осы мақсатта  Түркі тілдес елдерінің креативті индустрия қауымдасты құрылып отыр.

- Аталған алаңда алдағы уақытта түркі халықтарының кәсіпкерлері тәжірибе алмасады. Бұл – түркі тілдес елдердің талантты жастарына қолдау көрсететін ұйым болмақ. Қауымдастықтың миссиясы – түркі халықтарына ортақ мәдени, туристік, ақпараттық орта қалыптастыру. Бастысы, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау», - деді жуырда өткен брифингте  аталған қауымдастықтың төрайымы Эльмира Сәрсеналиева. 

Брифингке қатысқан Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков жастарды қолдауға арналған жобалармен таныстырды.

«Облысымызда креативті жастарды, жобаларды қолдау бойынша облыс әкімдігімен бірлесе бірнеше жобалар жүзеге асырып жатырмыз. Мәселен, бастауыш және кіші кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған "Кәсіпкерлік Қырандары" жобасы бар. Елімізде алғаш рет бастау алған жоба өңіріміздің ірі, орта кәсіпкерлерінің инвестицияларын және микробизнесті, креативті жастарымызды, стартаперлерді, "Бастау Бизнес" түлектерін нақты қолдауға бағытталған. Креативті жас кәсіпкерлеріміз инвестиция және менторлар үшін күресте өздерінің бизнес-идеяларын таныстырып, нәтижесінде 8 жоба таңдалған болатын. Осылайша, кретивті жобаларды қолдап, дамыту - олардың шығармашылық қуатын оятуға мүмкіндік беретін өңіріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жасалған маңызды қадам деп есептеймін», - деді Тимур Арсенұлы.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: