Түркістан: Креативті индустрия қауымдастығы құрылды

Қысқаша

Түркістан: Креативті индустрия қауымдастығы құрылды


95.jpg

«Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 31 наурыздағы бейресми саммитінде Түркістан қаласы мәдениеттің, экономиканың діңгегіне айналуы керектігін айтқан  болатын. Осыған орай, Түркістан қаласында креативті индустрия қауымдастығын құрып отырмыз. Ұйымның мақсаты – түркі халықтарына ортақ бизнес алаң қалыптастыру, жоғары зияткерлік және инновациялық салаларды қолдау, жастар арасында шығармашылық қуатты ояту». Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев арнайы брифингте осылай деді. 

«Түркістан ғасырлар бойы Орта Азия мен бүкіл түркі әлеміне мәдени орталық болып келді. Түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие болу, сондай-ақ тарихи құндылығын ескере отырып, қала бірегей креативті кластерді дамытуда жоғары әлеуетке ие. Бұл Түркістанды жаһандық инновациялық мәдени орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта біз түркі халықтарына ортақ Креативті индустрия қауымдастығын құрып отырмыз. Аталған саланы дамыту арқылы алпауыт елдер экономикасын ілгерілетіп отыр. Біздің ойымызша, креативті экономиканы дамыту - бүкіл өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жасалатын маңызды қадам»,- деді Мейіржан Иябайұлы.

Сондай-ақ, брифингке онлайн форматта қатысқан «FUTURK» Түркі тілдес елдерінің креативті индустрия қауымдастығының төрайымы Эльмира Сәрсеналиева Түркістан қаласындағы креативті индустрия қауымдастығының жұмысымен таныстырды.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: