Азық-түлік тауарлары арзандатылған бағамен сатылуда

Қысқаша

Азық-түлік тауарлары арзандатылған бағамен сатылуда

92.jpg

Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған былтырғы Жолдауында ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланатьынын, табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жататынын атап өтіп, субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажеттігін тапсырған болатын.     

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өткен мәжіліске жуырда өңірде ауыл шаруашылығы тауарларын тұтынушыларға алыпсатарларсыз, арзан бағада жеткізу мәселесі сөз болды. Жиынға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сауда үйлерінің иелері, наубайхана, базарлардың басшылары қатысты. Жиында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған шекті бағалар бірқатар аудан, қалаларда өскені айтылды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы жұмыртқа өндіруші кәсіпорынның бірі - Кентау қаласына қарасты «Яссы құс» ЖШС-і жыл басында С1 санатты тауық жұмыртқасын 1 данасын 44 теңгеден босатса, бүгінгі таңда бағасы 38 теңгеге төмендегенін мәлімдеді. Бұдан бөлек, жуық арада қажетті 350 тоннадан астам күнбағыс майы тұрақтандыру қорына сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктері мен «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамының ұйымдастырумен мереке және демалыс күндері халыққа тиімді бағада жәрмеңке өткізілуде. Бұдан бөлек, Түркістан қаласының аумағында орналасқан 13 әлеуметтік дүкен мен 5 ірі супермаркетте ұн, қант, картоп, сәбіз, пияз, күріш, макарон, тұз арзандатылған бағамен сатылуда.


    A+
Уақыты: 2021-04-08  Айдарша: Өңір
TAG: