Халық үніне құлақ асты

Қысқаша

Іс-шара барысында 4 қызмет алушының сұрақтары тыңдалып, мәселелері бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Screenshot_25.jpg

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейтті.

 Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қоғам өкілдерімен бірлесіп, Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

 Қоғамдық қабылдауды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, Корпорация директорының орынбасары А.Ашетов, «ОҚО талдау және болжау орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба жетекшісі Б.Орманов, «Ecosana» қоғамдық қозғалысының басшысы, Шымкент қаласы Жастар маслихатының депутаты Н.Төленбек, қоғам белсендісі С.Сайлауов, қоғам белсендісі Қ.Абдиров және Департамент қызметкерлері жүргізді.

 Іс-шара барысында 4 қызмет алушының сұрақтары тыңдалып, мәселелері бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес әр апта Шымкент қаласының басқада аудандарында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады.

 Осыған сәйкес, арнайы бекітілген кесте алдын ала Департаменттің және Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады. 


    A+
Уақыты: 2021-03-19  Айдарша: Өңір
TAG: