Науқастар оттегіге зәру болмайды

Қысқаша

Ордабасы ауданына қарасты Көктөбе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Серік Тұр

Screenshot_23.jpg

Ордабасы ауданына қарасты Көктөбе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Серік Тұрсынбаев коронавирустың екінші толқынына дайындық жайын баяндап берді. Ақ халаттының айтуынша 2900 халық  (400-і 5 жасқа дейінгі бала) тіркелген емдеу мекемесінде  күндізгі стационар бөлімі ашылған.  Әзірге дәрі-дәрмек қоры жеткілікті және амбулаторияда 1 оттегі концентраторы орнатылған.  «Қауіпті дертке күдікті деген, тыныс алуы қиындаған науқастардың бірінші кезекте сатурациясын өлшейміз. Яғни оттегінің қанда қаншалықты қаныққан-қанықпағанын айықтаймыз. Ол үшін бізде пульсоксиметр аппараттары берілген. Егер науқастың сатурациясы 90-нан төмен болса демек оттегі аппаратына жатқызылуы тиіс.  Сатурация 90-нан көтерілсе демек өкпе жеткілікті мөлшерде тыныс алып жатыр деген сөз. Бұл оттегі аппараты біздің мекемеге пандемия болып жатқан кезде орнатылған болатын»,- дейді аға дәрігер. 

    Өзге де медицина мамандарымен бірге ауыл аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізген Серік Бақытұлы вирустан сақтанудың бірден бір жолы ол тазалық пен тәртіп дейді. Сондай-ақ дәрігер елімізде енгізілген карантин режимі  аурудың одан әрі белең алуына тосқауыл бола білді деп есептейді. 

    A+
Уақыты: 2020-10-18  Айдарша: Өңір
TAG: