Ордабасы ауданында ауданды көріктендіру, абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Атап айтқанда ауданға қарасты Темірлан ауылындағы "Черёмушки" мөлтек ауданы аумағы абаттандырылды.
Қазіргі таңда 4 аулаға 3 данадан жалпы 12 қоқыс тастайтын жаңа заманауи контейнерлер орнатылды. Мөлтек аудан аумағындағы ескі қосалқы қоймалар орнына жаңадан темір-каркасты қосалқы қоймалар тұрғызылуда. Бүгінде 5 қойманың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Тағы 2 қойманы іске қосу жоспарланған. Әр қойма бірнеше секциядан тұрады.
Өңірдегі оң өзгеріске тұрғындар дән риза. Оған қосы мұндағы ескі балалар алаңшасы мен спорт алаңшалары да қайта жөндеуден өткізілмек. Жасалынған өзгерістер аудан шырайына сән қосады деп сенеді.
Мөлтек аудандағы абаттандыру жұмыстары өңір шырайын арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға сеп болмақ.