Ордабасы: Ауыл округін көріктендіру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген

Қысқаша

Ордабасы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша аудан маңында орналасқан а

Ауыл – ел бесігі — Костанай-Агро

Ордабасы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша аудан маңында орналасқан ауылдарды көркейту жұмыстары қолға алынған.

Ауданға қарасты Қажымұқан ауыл округінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сәйкес 247 млн. 920 мың теңге қаржы қаралып, Темірлан ауылындағы «Аққу» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауыл округін көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық тазалық мақсатында 56 сенбілік пен “Тазалық күндері” ұйымдастырылып, 105 көше қамтылып, 546 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Күз айларында 2794 түп қара ағаш отырғызу жоспарланып, бүгінгі таңға толықтай жүзеге асырылды.

Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті. 

«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. 

    A+
Уақыты: 2020-09-22  Айдарша: Өңір
TAG: