Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында әлеуметке қатысты бірқатар тапсырмалар берген болатын. Соның бірі – көпбалалы отбасыларға әлеуметтік жағынан барынша қолдау білдіру. Осы тапсырма аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы Ордабасы ауданында да жүзеге асуда. Аудан басшысының бастамасымен Жылға ауылындағы кәсіпкерлер аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетті.
"Қамқорлық" жобасы аясында Ордабасы ауданының еріктілері әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы 5 отбасыға балапандар таратты. Құстардың 1 айлық жемі қоса берілді.
Бұл шара бірқатар отбасының шағын кәсіп бастауына негіз болмақ.
Айта кетейік, «Қамқорлық» жобасы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмысы төмен отбасыларға қамқорлық көрсетіліп, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік жасалмақ. Еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту жағы да қаралған. Бағдарлама мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Яғни, тұрмыс тауқыметін тартқан жандарға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді.