Ордабасы ауданына қарасты Бөржар ауылдық округіне бюджеттен 128 млн. 658 мың теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда бюджет қаржысы жүз пайыз игерілді. Әкім аппаратының ресми сайты бұл туралы мәліметті президентіміздің “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” жолдауы аясында ашық түрде жариялады.
Жер салығы — 859,7 мың тегңде, мүліктен — 850 мың теңге, көліктен -18 млн. 563 мың. 500 теңге. Жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер — 20 “ Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” мың теңге.
Сондай-ақ ауылдық округте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 2 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілініп, ауыл тұрғындарымен 12 кездесу өткізілген болатын.
Аталған жоба аясында аудан дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігін алып отыр. Ашық саясат қашан да жоғары нәтижеге алып келеді.