Ордабасы: Қоғамдық тәртіпті сақтау - басты міндет

Қысқаша

Қоғамдық тәртіпті сақтау – АПБ-ға жүктелген өте маңызды міндет. Президент Қасым-Жомарт

Қоғамдық тәртіпті сақтау – АПБ-ға жүктелген өте маңызды міндет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та полицияның қоғаммен диалогын күшейту керек екендігін атап өткен болатын.

Ордабасы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету мақсатында 12 азамат қызметке қабылданды. Қабылдау «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы келісім-шарт негізінде жүзеге асты. Бүгінде жұмысқа алынған қызметкерлер АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларына жәрдем беріп, бірлесе қызмет етіп жүр.

Олар қоғамдық тәртіпті қадағалап, тұрмыстық қылмысқа қарсы күресіп, міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлерге қолғабыс етуде. Сөйтіп,  осындай қызметкерлердің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында көптеген заң бұзушылықтар ауыздықталуда.

Сонымен қатар,  көмекші мамандар полицейлермен бірге жол қозғалысы ережелерінің сақталуын жіті назарда ұстауда. Жүргізушілермен түсіндірме жұмыстарын  жүргізуде. Жаяу жүргіншілердің тек белгіленген орындармен жүруін бақылауда. Күні-түні қадағалау  жұмыстарын жүргізіп, рейдтер өткізіп, жол ережесін қасақана бұзушыларды анықтауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыруда. Жол-көлік оқиғаларының  салдарынан болатын  адам өліміне, автокөліктерді масаң күйде басқаруға жол бермеуге баса назар аударуда. Сондай-ақ, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын сақтау және басып озу тәртібін бұзу, жолдың қарама-қарсы жолағына шығу және маневр жасау, қауіпсіздік белдігін тақпау, рөлде отырып  ұялы телефон мен рация пайдалану, көше,    жаяу жүргіншілер қиылыстарынан өту жағдайларымен байланысты жасалған құқықбұзушылықтарды анықтауды, бақылауды күшейте түсті.

    A+
Уақыты: 2020-09-17  Айдарша: Өңір
TAG: