Ордабасы ауданы айнасы мерейтойында жаңа қонысты болды

Қысқаша

Биыл Ордабасы ауданының айнасы «Ордабасы оттары» газеті өзінің 85 жылдық мерейтойы қар

Биыл Ордабасы ауданының айнасы «Ордабасы оттары» газеті өзінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында баспаналы болды. Соншама жылдық тарихы бар шығ армашылық мекемеден қаншама дарын иелері шығып, қаншама танымал тұлғалардың бастауы болған. Мерейлі мереке қарсаңында редакция ұжымы жаңа ғимаратқа қоныс аударып, үлкен қуанышқа кенелді.

Ел арасында  бұл басылым, «атуы – аудандық,  бағыты республикалық» деп аталып кетсе де бұған дейін өз иеліктерінде жеке  баспана болмаған. Шығармашылық ұжым, жалдамалы әрі қолайсыз ғимаратта қызмет атқарып келген. Енді міне, ол  қиындықтың бәрі артта қалып, ұжым жайлы мекенге қоныс аударды.

Басылым, бүгін де үлкен беделге ие. Үш бидің басы қосылып, қазақтың бірлігі үшін ту көтерген аймақта мұндай  басылымның болмауы да  мүмкін емес.  Газет 85 жыл бойы ауданның өркендеп, өсуіне атсалысып, тарихын жазып     келеді. Сондай –ақ, бұл ұжымнан талай – талай  шығармашыл   жастар түлеп ұшып, елге танылды.Олардың көпшілігі әлі де   еңбек етіп жүр.  

Редакцияға  берілген жаңа ғиамарат ұжымның жаңаша жұмыс істеуіне зор мүмкіндік ашуда.  «Жақсыны көрмек үшін» деген.  Ауданға арнайы келген журналистер тобы  редакция ұжымында болып, жаңа қоныстағы жаңа тіршілігімен танысты.

    A+
Уақыты: 2020-09-17  Айдарша: Өңір
TAG: