Ордабасы: Тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды

Қысқаша

Ордабасыда бүгінде шағын және орта кәсіп дамып, нәтижесінде тұрғындардың жұмыспен қам

Шағын және орта кәсіп экономиканың негізін құрауышы- RG media - ақпараттық  агенттігі

Ордабасыда бүгінде шағын және орта кәсіп дамып, нәтижесінде тұрғындардың жұмыспен қамтылу дәрежесі жоғарылады.

Ауданға қарасты 5 мыңға тарта халқы бар Бөген ауылдық округінде де тұрғындарды жұмыспен қамту ісі басты назарда.

Ауыл округі бойынша өткен жылға бюджеттік емес мекемелерден 400 млн теңге инвестиция тарту бойынша жоспар қойылып, тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 228 млн. 542 мың теңгені құрап, жоспар 57,13 пайызға орындалды.

Ауыл округі көлемінде тіркелген 78 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 103 адамды жұмыспен қамтыған.

«Жұмыспен қамту» бағдарламасына 68 адам қатысты. 12-і қысқа мерзімді оқу курсынан, 17-і кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтті, 6-ы шағын несие алды. 32-і жұмыспен қамтылды. Әлеуметтік жұмыс орындары, «Жастар практикасымен» қамтылу, ақылы қоғамдық жұмыстар бойынша жоспар орындалды.

Сонымен қатар, айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмек бойынша шартты 155 отбасының, 777 адамына 77 млн. 860 мың 700 теңге, шартсыз 22 отбасының 91 адамына 10 млн. 713 мың 900 теңге төленді.


    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: