Ордабасы: Бюджет 100 пайызға игерілді

Қысқаша

Бөген Ордабасы ауданында орналасқан, жалпы жер көлемі – 20 452 гектарды құрайтын ауылдық

Бюджет Казахстана уменьшился из-за пандемии— Kapital.kz

Бөген Ордабасы ауданында орналасқан,  жалпы жер көлемі – 20 452 гектарды құрайтын ауылдық округ.

Өткен жылы ауылдық округке әкімі аппаратына бюджеттен 76 млн. 444 мың теңге қаралып, ол толықтай, 100 пайызға игерілді.

Нақтырақ айтсақ, заңды тұлғалардың жер салығы 447 мың теңге – 124 пайыз, мүлік салығы 310 мың теңге – 100 пайыз, көлік салығы 4 млн. 673 мың теңге – 116 пайыз, табыс салығы 675 мың теңге – 100 пайыз, жергілікті өзін-өзі басқару функциялары бойынша салық түріне жатпайтын түсімдер 100 мың теңге 100 пайызға орындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау және жүзеге асыру мақсатында ауыл округінің көрнекі жерлеріне 1 билборд және мемлекеттік мекемелерде бұрыштамалар ілінді. Ауыл тұрғындарымен 12 кездесу өткізілді.

Сонымен қатар, Бөгенде «Әділхан» шаруа қожалығы (төрағасы Исабаев Әділхан Бегалыұлы), «Ордабасы-Агро» ЖШС-і (төрағасы Әлібеков Әбілда) ауыл тұрғындарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, отандық өнім өндіруде.

    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: