Ордабасыда шағын және орта кәсіп саласы дамып, экспорттық өнім әлеуетті артты. Осыған дейін ауданнан экспортқа шығатын тауарлар тек азық-түлік, мақта-мата және ауылшаруашылық өнімдері ғана болса, ендігі жерде заманауи технология қолданып өндірілетін өнім түрлері де көбейіп отыр.
Ордабасыда экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындардың саны – 11 бірлік құрап, олармен жыл көлемінде жалпы құны 5 млрд. 404 млн. теңгеге экспортқа өнім шығарылды.
«Ордабасы құс» ЖШС 666,1 млн.тг. күрке тауық етін Ресей Федерациясына;
«Аделя» ш/қ 2 374 млн.тг. көкөніс (қияр, қызанақ) өнімін Ресей Федерациясына;
«Ордабасы нан» ЖШС 428 млн.тг. жоғарғы сұрыпты бидай ұнын Өзбекстанға;
«Green Technology Industries» ЖШС 644 млн.тг. флекс өнімін Ресей, Өзбекстанға;
«Сейітбек әулеті» ЖШС 410 млн.тг. қызыл мия дәрілік қоспа өнімін Қытайға;
ИП Дастан 62 млн.тг. жоңышқа тұқымын Ресей Федерациясына;
«Рамазан Агро» ЖШС 348 млн.тг. мақта талшығын Чехияға;
«НұрАгро 73» ЖШС 184 млн.тг. мақта талшығын Чехияға, Белоруссияға;
«Сәтті жол» ЖШС 241 млн. тг. қой етін Ресей Федерациясына экспортқа шығарды.
«Алуа»ш/қ 21,0 млн.теңгеге 580 қой басын Өзбекстанға шығарды.
«Нұр Көктөбе» ЖШС 26 млн.теңгеге 93 бас жылқы басын Өзбекстанға шығарды.