Ордабасы өнімдерінің экспорты артып келеді

Қысқаша

Ордабасы ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты жыл сайын артып келеді. Жаңа и

Инсектициды для пшеницы, защита зерновых культур от вредителей — Пропозиция

Ордабасы ауданының ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты жыл сайын артып келеді. 

Жаңа индустриялар құрумен қатар өнеркәсіп саласын дамыту нәтижесінде жыл басынан бері ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі байқалды.

Мәселен өткен жыл аудан үшін табысты жыл болды. Себебі аудан экономикасын дамытуға негізгі қорға 19,2 млрд.тг. инвестиция бағытталды, яғни 126% артты.

2019 жылы өндірген өнеркәсіп өнім келемі 19 млрд. 251 млн. теңгенi құрап, өткен 2018 жылмен салыстырғанда 1 млрд. 231 млн. теңгеге артығымен орындалып, 5,8 пайызға артты, облыс көлемінде 4-ші орында тұр (облыстық деңгейдегі өнеркәсіп көлемінің 3,9 пайызы).

Шағын және орта бизнес субъектілері экономиканың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Аудан экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 29,4 пайыз. Есепті мерзімде шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 10 974 субъектінің ішінде 10 458 бірлігі белсендi іс әрекетте,  (оның ішінде заңды тұлғаның саны 627 бірлік, дара кәсіпкерлер саны 3 704 бірлік және шаруа (фермер) қожалықтары саны 6127 бірлік), яғни 95,2 пайызды құрайды. 2018 жылмен салыстырғанда белсенді субьектілер саны 108,6 пайызға, немесе 826 бірлікке артып отыр (2018 жылы 9632).

    A+
Уақыты: 2020-09-16  Айдарша: Өңір
TAG: