Ордабасы ауданында бау егу ісі бұрынғыдан жақсы қарқын алуда. Биылғы жылы, ауданға қарасты Бөржар ауыл округінде «Нұрқасым» ШҚ-ы 50 гектарға құны – 554 млн. теңге болатын, «Грин Таун» ЖШС-і 12 гектарға құны – 180 млн. теңге болатын, Қажымұхан ауыл округінде «КазГарден» ЖШС-і 60 гектарға құны – 400 млн. теңге болатын қарқынды бау егу жоспарлауда.
Шұбар ауыл округінде (жеке кәсіпкер Ж.Муртазаев)тәуілігіне 35,7 мың дана жұмыртқа өндіру бағытында 42 мың басқа арналған құс фермасын іске қосылатын болады. Өз қаржысы есебінен жоба құны – 75 млн. теңгені құрайтын болады.
Аудан халқын жеміс-жидекпен толық қамту үшін өткен жылы 117 гектарға қарқынды бау шаруашылығы іске қосылып, ауданда жалпы 468 гектарға жетті.
Өнім беретін 351 га баудан жалпы – 5250 тонна өнім алынды. Осы баулардан 3-ші жылы 15-20 тонна өнім алынса, 6-7 жылдары 60 тоннаға дейін өнім береді.