Ордабасы: Жылыжай салуға ниет білдірушілер қатары артты

Қысқаша

Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын өркендетуде өңірлер арасында көш бастап тұр. Мұ

Жылыжай салып, көкөніс өсіремін десеңіз... - Informburo.kz

Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын өркендетуде өңірлер арасында көш бастап тұр. Мұндағы жылыжайлардың алып жатқан аумағы 1325 гектарды құрайды, бұл – ел бойынша көрсеткіштің 80 пайызы. Облысқа қарасты, Ордабасы ауданында да бүгінде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді.

Соңғы жылдары аудан аумағында жылыжай салуға ниет білдірушілердің, жылыжай салып жатқан тұрғындардың, кәсіпкерлердің саны артып келеді.

Өткен жылы 20 гектаржылыжай іске қосылып,жалпы жылыжайлар көлемі көлемі 72 гектарды құрады. Осы жылыжайлардан 8 580,3 тн өнім, оның ішінде 5 006,3 тн. қияр, 3 574 тн. қызанақ алынды.

Мәлімет үшін: Төрткөл, Қарақұм, Бөген және Жеңіс ауыл округтерінде жабық топырақта көкөніс өндіретін жылыжай шаруашылығы жоқ.

Жалпы жылыжайлардан алынған өнім аудан халқын көкөністермен (қияр, қызанақпен) жыл бойы тұтыну қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз етеді.

Өндірілген өнімнің қажеттіліктен артылған – 3421 тн өнімді немесе 40% (2232 тн қияр, 1189 тн қызанақ)Ресей Федерациясына экспортқа шығарылса, қалған 3 090,3 тн (36%) өнімдер негізінен Шымкент қаласына тасымалданып, қыс және ерте көктем айларында тұрғындарға ұсынылып келеді.

    A+
Уақыты: 2020-09-15  Айдарша: Өңір
TAG: