Сайрам: Сүт өнеркәсібі халық шаруашылығының маңызды саласы

Қысқаша

Сайрам ауданында халықтың 12% -ы, яғни 25 мың адам ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейд

АСҚАЗАН ауруына ЕШКІ СҮТІ ем болады

Сайрам ауданында халықтың 12% -ы, яғни 25 мың адам ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Бүгінгі күні кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14 989-ға жетті және осылайша 9,4%-ға өскен.

Айтарлық ауданға қарасты Ақсукент ауылдық округінде орналасқан «АЙКАН» ЖШС сүт зауытының жұмысы бүгінгі күні өте қарқынды жүруде.

«AYKAN» ЖШС сүт өнімдерін өңдейтін зауытының ашылуы салтанатына қатысты. Аталған өндіріс орны «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында» іске қосылған. 

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 100 млн. теңге және 24 млн. теңге көлемінде инвестициялық субсидияға қолдау көрсетілген. 

Жаңа өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өндіріледі. 80 адам тұрақты жұмыспен қамтылған өндірісте түрік технологиясымен ірімшіктің 9 түрі шығарылады.

Отандастарымыздың күн­делік­ті тұтынатын басты азық-түлік тауарларының бірі – сүт. Сүтсіз кез келген дастарқанның нәрі жұтаң тартады.

Сүт өнімдері адам денсаулығына ең қажетті пайдалы заттармен қамтамасыз етілген тамақ өнімдерінің бірі. Сүт өнеркәсібі халық шаруашылығының маңызды саласы, сондықтан сүт және сүт өнімдерін өндіру тиімділігі халықтың өмір сүру деңгейіне әсер етеді.

Сондықтан сүт өндірісімен айналысу өшпейтін, өлмейтін бизнес түрі десек қателеспейміз.

    A+
Уақыты: 2020-09-21  Айдарша: Өңір
TAG: