Адамзат тарихының сандаған ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі көрсеткендей қоғам мен мемлекет құрылымындағы күрделі құбылыс – тіл мәселесі болып табылады. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады, оның рухани мәдениетінің бір бөлігі болып табылады, сондықтан да тіл өзіне деген құрметті талап етеді.
«Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген ұранды ұстанған қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу жолында талай қиын-қыстау кезеңдерді басынан кешірді. Өйткені ана тілі мәселесі – сол тілде жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені мен бүгінгісін таразылай отырып, болашағын танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәселесі. Елдіктің негізгі шарттары, түптеп келгенде мемлекет тілінің, ұлт рухының көтерілген биігімен өлшенеді.
Сайрам ауданында\ Сайрам мәдениет, Сайрам Ауданы Ішкі Саясат және Ақсукент Ауыл Әкімшілігі бірлесіп, Ақсукент ауылдық округіндегі Ұлы дала, Сұраншы батыр көшелеріндегі жарнама жазуларын "Тіл туралы" Заңға сәйкестендіру жұмысын жалғастырды.Заңсыз жазулар алынды.
Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілінің заңға сай болуын кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы Ақсукент ауылдық округіндегі сұраншы батыр көшесінде жалғастырылды: заңсыз жазулар алынды, көлемі үлкен, түзету үшін бірнеше күнді талап ететін жазуларды өзгертуге нысан иелеріне мерзім берілді. бұл жұмыстар алдағы уақыттада өз жалғасын табатын болады.