Биыл Сайрам ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Атап айтар болсақ, биыл ауданда 85,1 шақырым ішкі жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар Шымкент қаласы мен Сайрам ауданын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қала қоқыс орны» автомобиль жолының қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстард бақылауына алған аудан әкімі ауданға қарасты ауыл-аймақтардағы жолдарды аралап шықты.
Әкім Ұласбек Садыбеков ең алдымен Қарамұрт Ауылдық округіндегі кезек күтіп тұрған бірқатар мәселелерді арлап қайтты.
Мұнда тұрғындарымен кездесіп, Қарамұрт елді мекеніндегі А.Моминжанов, М.Мухитдинов көшелері мен Низамабад елді мекеніндегі Низамабад көшесінің жағдайын көрді.
Аудан басшысы тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері бойынша Қарамұрт ауылдық округі мен аудандық
Сайрам Жкх бөліміне нақты тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, осы Қарамұрт ауылын қиып өтетін Сайрам ауданымен Төлеби ауданын жалғайтын облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары басталған.