Сайрамдық жас спортшылар үшін жағымды жаңалық. Ауданда тағы бір ғимарат бой көтерді. Бұқаралық спорты дамыту - ұлт саулығының негізі демекші жаңа сарай - спорттың дамуына серпін берері сөзсіз.
Спорт саңлақтарын әзірлеуге қауқарлы заманауи спорт кешенінің ашылу рәсіміне аудан әкімі Ұласбек Садыбеков қатысып, алғашқы ойынды бастап берді.
Қарамұрт ауылында бой көтерген жабық спорт кешенінде үлкен залдан бөлек, баскетбол, валейбол, үстел теннис залдары да жұмыс істейді.
Ұласбек Сәдібеков сол залдарды аралап, Қарамұрт халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын сақтап, әртүрлі спорт түрлерімен айналысуына мүмкіндік беретін жаңа нысан – халықтың спортқа деген қызығушылығын одан әрі арттыратыны сөзсіз.