Жетісайда инфрақұрылымдық 65 жоба іске асырылуда

Қысқаша

Қалған үш нысан инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға жатады. Яғни, кентішілік және ауылішілік жолдар қайта жөндеуден өткізілді.

Screenshot_30.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 65 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 662 999,1 мың теңге қаралған. Осы арқылы 182 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделіп, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 124 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады.

Бүгінде 65 жобаның құрылыс жұмыстары басталса, оның 25-сі аяқталып, жоспар 61,2 пайызға орындалып отыр. Пайдалануға берілген 25 жобаның 22-сі әлеуметтік, мәдениет және білім салаларына қатысты нысандарға жатады. Онда ғимараттардың ішкі санитарлық жүйелері жөнделіп, унитаздар ауыстырылған және 2431 шақырым жерге аяқ жол төселген.

Қалған үш нысан инженерлік-көлік инфрақұрылымдарға жатады. Яғни, кентішілік және ауылішілік жолдар қайта жөндеуден өткізілді.

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан мердігерлер карантин рижиміне байланысты тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз еткен. Жауаптылар құрылыс жұмыстарын дер кезінде аяқтауға уәде берді. 


    A+
Уақыты: 2020-09-02  Айдарша: Өңір
TAG: