Түркістан облысында Сарыағаш ауданының орны да, жөні де бөлек екендігі рас. Саялы Сарыағаш шипалы суымен ғана емес, жерінің құнарлығымен, халқының еңбексүйгіштігімен танымал. «Қазақстандағы ең пысық, жаңалықты тез қабылдап, жаңа технологияны шапшаң меңгеретін диқандар Сарыағашта тұрады» десек, қателеспеген болар едік.
«Ауылына қарап азаматын таны» деген сөз жиі айтылады. Сол сияқты ауылға немесе ауданға қарап әкімін танығу болады. Осыдан бір жыл бұрын өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының өкімімен Мұхит Отаршиев Сарыағаш ауданының әкімі болып тағайындалған еді. Ол кезде жұртшылық Мұхит Баймұханбетұлын жас та болса іскер, облыс басшыларының артқан сенімін ақтай білетін, өңірде екі басқарманы абыроймен басқара білген азамат ретінде білетін. Облыста халқының саны жағынан үлкен, экономикасы күрделі, оның үстіне шекараның шебінде жатқан Сарыағашқа әкім болып барған бір жыл ішінде Мұхит Отаршиев өзін жаңа қырынан танытты десек артық айтқанымыз емес.
Мұхит Баймұханбетұлы әкім болып тағайындалған жыл соңында аудан бюджетінің өзіндік кірістері 3,5 миллиард теңгеге жоспарланған болса, нақты 3,6 миллиард теңге кіріс түскен. Яғни , жоспар 102,7 пайызға орындалды деген сөз. Еліміздің еңсесін биіктетіп халыхаралық аренадағы саяси маңызын арттыра түсетін фактор – жалпы ішкі өнім екені белгелі. Сарыағаш ауданының 2019 жылы өндірілген аумақтық жалпы өнім көлемі 184,5 миллиард теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 129,8 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш аймақтың экономикалық даму деңгейін сипаттап қана қоймай, кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметінің нәтижесін айшықтайды. Жалпы өңірлік өнім– аймақтағы экономикалық салалар өндірген тауар және қызмет құнының жиынтығы. Бұл тұрғыдан өткен жылдың соңында ауданда ілгерілеушілік байқалған. Биыл жыл соңына дейін Сарыағаш ауданында 4 миллиард теңге өзіндік кіріс көлемі жоспарланған. Ағымдағы жылдың 7 айында өзіндік кіріс көлемінің жоспары 1,5 миллиард теңге көлемінде белгіленіп, нақты 1,8 миллиард теңгені құрады.
Баға бағамы арзанырақ Өзбекстан нарығымен жапсарлас Сарыағаш ауданының кәсіпкерлік салаларында бәсекелестіктің бәсі жоғары. Ауыл шаруашылық өнімдері көшеттен тартып өніміне дейін арзан нарық ұсынатын экспорт тауарларын нарықтан ығыстыру үшін импорт тауарлардың сапасы сын көтеруі керек. Жасыратыны жоқ, селекция ғылымы көш ілгері ала тақиялы ағайынмен бәсекелес болу аймақ нарығына жеңіл жүк емес. Сарыағаш ауданы аграрлы аудан болуына байланысты аудан экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауыл шаруашылығы болып табылады. Аймақта 2019 жылы жалпы өнім көлемі 66705,0 миллион теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен 77111,0 миллион теңгеге орындалды. Ағымдағы жыл басынан 31844,0 миллион теңгенің өнімі өндірілді, оның 11634,0 миллион теңгесі мал шаруашылығына, 20210,0 миллион теңгесі өсімдік шаруашылығына тиесілі. Нарықта сұранысы бар тауар ғана өндіріледі. Ауылшаруашылығының негізгі капиталына биыл 1,2 миллиард инвестиция тартылған. Сарыағаш ауданында өткен жылы егістік көлемі 2394 гектар ұлғайтылып, биыл 2686 гектар артып, жалпы 68280 гектар егістік жерді игеруге қол жеткізген.
Елімізде Өзбекстан мен Қытай елінің өнімдері қыс айларында сауда орындарындағы сөрелердің «төріне шығатын». Бәсекеге төтеп беретін импорттық өнімдердің санын арттыру үшін аз қаражат кетпейді. Сарыағаштық шаруалар экспорттық өнімді отандық сөреден сыру үшін тер төгуде. Өткен жылы 58,4 гектар жылыжай салынған болса, үстіміздегі жылы 40,0 гектар жылжай салу жоспарланып, алты айда нақты орындалғаны 32,2 гектарды құрады. Яғни, жылдық жоспар 80,5 пайызды құрайды. Нәтижесінде Сарыағаш ауданындағы жылыжай көлемі 696,8 гектарға жетті. Жылыжай кешенін салу жеткіліксіз, оның құрылымы өнім сапасы мен санын арттыру үшін үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Сарыағаштық жылыжайларда Түркия, Италия секілді елдерден әкелінген құрылғылар қолданылады. Осы жылыжайлардан жыл басынан бері 64860 тнонна көкөніс жиналып, саудаға шығарылды.
Кез келген мемлекеттің сауда айналымында ет пен сүтке сұраныс жоғары. Ауданда мал шаруашылығы саласында өндірілген өнімдер көлемі, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда: тірі салмақтағы ет – 100,2 пайызға артып 7893,6 тонна, сүт – 106,8 пайызға артып 30581,2 тонна, жұмыртқа 141,9 пайызға ілгерілеп 42148,4 мың дана өндірілген.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес егін шаруашылығын дамыту мақсатында 92 бірлік шаруақожалықтың 910 гектар егістік жерінен 2-3 өнім алу бойынша жоспар бекітілген. Осы жоспарға сәйкес 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында жұмыс жүргізуге 399 шаруақожалықтары ниет білдіріп, 917,6 гектар жерге инновациялық жоба негізінде егін екті. Нәтижесінде бірінші өнім 36704 тонна көлемінде жиналған.
Қазір 2-өнім алуға 404 шаруақожалығы ниет білдіріп, жалпы егіс көлемі 921 гектар болатын инновациялық жоба іске асырылуда. Сарыағаш ауыл шаруашылығына аса қолайлы өңірлердің бірі болғандықтан мұнда қарастырылатын мемлекеттік бағларламалар саны да аз емес. Халқымызда «Еңбек етпесең, елге өкпелеме, егін екпесең, жерге өкпелеме» деген даналы сөз бар. Ауданның ине шаншыр жерін бос қалдырмаған шаруалар көптеген адамдарды жұмыспен қамтып отыр.
Көптеген шет елдік экономика ғалымдар кәсіпкерліктің және кәсіпкердің маңызын ашуда үлкен мән берді. Себебі нарыктық экономиканың дамуымен кәсікерліктің ролі күшейе түседі. Шаруашылық басқару субъектілерінің алдыңғы орнында кәсіпкерлік ұйымдар (фирмалар, компаниялар және тағы басқа да кәсіпкерлік ұйымдар) тұр. Американдық ғалым Р.С.Ронстандтың пікірінше, кәсіпкерлік – байлықты көбейтудің динамикалық процесі. Кім көбірек өз қаржысымен, мүлкімен тәуекелге барса, жеке іс ашуға уақытын аямаса, тұтынушыларға жаңа тауар немесе қызмет ұсынса, кәсіпкерлік салада тасы өрге домалайды. Өтпелі экономика үшін кәсіпкерліктің маңызы зор. Сарыағашта өткен жылы өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,0 миллиард теңге болып, өнеркәсіп өнімдерінің нақты индекс көлемі 104,5 пайызды құраған. Ағымдағы жылдың қаңтар – маусым айларында өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 16330,7 миллион теңгеге жетіп, нақты индекс көлемі 104,9 пайызды құрады.
Салалардың өрісін кеңітіп, өн бойына қан жүгіртуде инвестиция тартудың ықпалы зор. Инвестиция маңызы – экономиканың тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда білінеді. Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Өткен жылы ауданға 36,8 млрд теңге инвестиция тартылған, ал ағымдағы жылдың осы мерізімнде 8728,9 млн теңге көлемінде инвестиция тартылып отыр. Биыл аймақта «Ырыс» ұйымы арқылы 34 адамға шағын несие берілген.
Ауданда жол, ауыз су, жарықпен қамту мәселелері оңтайландырылған. Сарыағаш ауданының елді мекендерін дамытуға "Ауыл-Ел бесігі" бағдарламасы бойынша Жартытөбе ауылдық округіндегі 11 көшенің 23,3 шақырымына, ал Қабланбек елді мекеніндегі 16 көшенің 18,8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, аудан орталығы Сарыағаш қаласында ағымдағы жылы 3,7 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, биыл "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" жобасы аясында республикалық бюджет есебінен ауданда 5 көшенің 9 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ауданды ауыз сумен қамту бойынша бүгінде Атамекен елді мекеніндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы жүруде. Мердігер мекеме: "ТВИК" ЖШС-і. Құрылыс жұмыстары аяқталған уақытта 210 абонент, яғни 2122 тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Аймақты көгілдер отынмен қамту жұмыстарына келсек, Атамекен елді мекенінде "Тоболино" АГТС газ қуаттылығын арттыратын станцияның құрылысы басталған. Газ құбыры жүйесінің ұзындығы - 4,73 шақырым. Биыл құрылыс жұмыстары аяқталып, бірнеше елді мекен газбен қамтылатын болады. Ауданда құрылыс жұмыстары қарқынды. Сарыағаш қаласының Самал шағын ауданында 900 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. Мердігер мекеме: "Жаңа арна 2002" ЖШС-і. 2020 жылы құрылысы басталған мектеп 2021 жылы тамыз айында пайдалануға берілмек. Ғимараттың жалпы аумағы – 8324,2 шаршы метр. Жоспар бойынша мектептің оқу блогы, спортзалы, асханасы және шеберханасы бой көтереді.