Бәйдібек: Білім ордаларының құрылыстары аяқталуға жақын

Қысқаша

Бәйдібекте биыл оң өзгерістер көп. Соның бірі — білім беру саласында. Карантин режиміне

Kazakh Invest

Бәйдібекте биыл оң өзгерістер көп. Соның бірі — білім беру саласында. Карантин режимінен бастау алған білім ордаларындағы құрылыс жұмыстары ендігі тәмам болуға жақын.

Аудандағы 50 білім беру (1 жекеменшік бастауыш мектебі) мекемесінің 43-і типтік үлгіде болса, 6-ы ыңғайластырылған жайда орналасқан. Типтік емес білім нысандарының саны жылдан жылға қысқаруда.

2020 жылы 150 орындық «Қосбұлақ» мектебінің жаңа құрылысы (771 млн 412,0 мың теңге) мен  Домалақ ана мектебінің  (193 млн 637 мың теңге) жанынан қосымша 7 сыныптың өтпелі құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру көзделуде.

Ал, 100 орындық «Досан» негізі орта мектебіне 93 млн 132 мың теңге (ЖСҚ 549 млн 992 мың теңге) қаржы қаралып, жаңа құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы ауданда апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқитын білім мекемелері жоқ.

Дегенмен, М.Әуезов атындағы ІТ мектеп-лицейі мен Т.Қазақбаев атындағы жалпы орта мектептеріндегі оқушылар санының артуына байланысты қосымша жайлар салу қажеттіліктері туындауда.

2020 жылы республикалық бюджет есебінен «Жол картасы-2020» бағдарламасымен 168 млн 960 мың теңге қаржы қаралып отыр. Оның ішінде 50 млн теңгеге екі мектептің (Қ.Сәтбаев 25 млн теңге, Қ.Өтемісұлы 25 млн теңге) сыртқы қабырғаларына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 5 мектептің шатырына (Қ.Бәйменов, Қ.Сыпатаев, «Ақтас», С.Әбдіжаппаров, «Жолғабас») өрт сөндіруге арналған қоршау (перила) мен өрт сөндіру баспалдақтарын орнату (пожарный лестница) және 35 мектептің ішкі әжетханаларына жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып,  қазіргі таңда өткізу актісі түзілуде. 

«Балапан» бағдарламасы аясында  («Жаңаталап» мектебінен 20 орындық шағын орталық, жекеменшік әріптестік есебінен Шалдар ауылынан  160 орындық «Болашақ-Нұры»  ЖШС-нің балабақшасы мен Шаян елді-мекеніндегі жекеменшік әріптестік есебінен ашылған «Тау-Асар» балабақшасынан қосымша 80 баланы қматитын 4 топ іске қосылды),  аудандағы  61 мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі (15 мемлекеттік балабақшада 1392 бала, 40 мектеп жанындағы шағын орталықтарда 1881 бала бар. Сондай-ақ, 6 жекеменшік балабақшада  670 бала), 1-6 жастағы балалар саны 3943-ке, ал қамту көрсеткіші 99,6 пайызға жетіп отыр. 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бəсекеге қабілетті маман даярлау. Осы талапқа орай ізденімпаз оқытушының шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, студенттің жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арын таза ұстау — əр оқытушының борышы. Ол өз кəсібін, өз пəнін, барлық шəкіртін, оқу орнын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация оқытушысы — педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, шығармашыл тұлға. Нарық жағдайындағы оқытушыларға қойылатын талаптар: бəсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

    A+
Уақыты: 2020-09-03  Айдарша: Өңір
TAG: