1-ші қыркүйек онлайн режимінде өтеді. Сабақ кестеге сәйкес 2-ші қыркүйекте басталады. Осыған сәйкес Түлкібаста аудан оқу ордаларының жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды. Әкім аудандық Абай атындағы мектеп-гимназиясының акт залында жылдағыдан ерекше онлайн форматта жиналыс өткізді.
Аудан әкімінің ұйымдастыруымен өткен жиында мектеп бағдарламасы сараланып, өткен жылды қорытындылап, жаңа оқу жылындағы атқарылатын шаралардың жөні айтылды.
Нұрлан Мархабатұлы өз сөзінде ұстаздар мен аудандық білім саласының қызметкерлерін жаңа оқу жылының ашылуымен шын жүректен құттықтап, биылғы жылы ерекше форматта өтетін оқу процесіне тынғылықты дайын болу мақсатында 5 маңызды бағытты белгіледі. Олар: мектептерге жаңа оқу жылына қажетті материалдық-техникалық базасының толық болуы, мектеп директорларына әр оқушы мен ұстаздардың індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстануын қадағалауды, білім сапасы мен тәрбие жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды, оқушылар арысындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен ұлтаралық достықты нығайту және мектеп директорлары мен білім саласының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық шараларды ұдайы ұйымдастыру қажеттігін ескерді.
Онлайн өткен конференция барысында қатысушылырға ауданымыздың өткен жылы білім саласындағы жеткен жетістіктері жайында бейнеролик көрсетіліп, онлайн форматта ата-аналар комитетінің төрағалары мен мектеп директорлары жарыссөзге шығып ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Шарада аудандық білім бөлімінің басшысы жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы баяндама жасап, өткен жылды қорытындылады.