Бәйдібек: Туристік нысанға келушілер қатары көбейді

Қысқаша

Бәйдібек ауданында туристердің аса қызығып келетін мекені орналасқан. Аудан аумағында

image.png

Бәйдібек ауданында туристердің аса қызығып келетін мекені орналасқан. Аудан аумағындағы «Ақмешіт» үңгіріне  осы жазды күні алыс-жақын еліміздің барлық өңірінен және шет елден туристер келіп тамашалауды әдетке айналдырған. Тарихи мекен келешекте теңдесіз туристік мекенге айналары сөзсіз. Аталған мекендегі туризмді жандандыру ту.алы ұсынысты  ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, ғалым Мұсатіллә Тоқанов аудан әкімімен кездесу барысында ұсынды.

Қабылдау барысында ғалым Мұсатіллә Тоқанов жалпы өзінің жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулерімен бөлісті. Өз тәжірибесінде қазақтың ұлттық сусындарын зерттеп, оның пайдасын зерделегенін айтып, ауыл шаруашылығы саласындағы түйе сүті шұбатты ұнтаққа айналдырып, ұзақ сақталатын түрін ойлап тапқанын, бұл түйе сүтінде адамға пайдалы дәрумендер көп екенін жеткізді.
Ғалым аудан аумағындағы «Ақмешіт» үңгіріне тоқталды. Аталған үңгірге әсіресе осы жазды күні алыс-жақын еліміздің барлық өңірінен және шет елден туристер келіп тамашалауда. Жалпы келушілердің саны жылдан-жылға артуда. Сол үңгірдің ішіндегі ауаның адам денсаулығына пайдалы екендігін зерттеп дәлелдеп келетінін. Қолда барды пайдаланып, осы үңгірдің аумағынан келушілерге қолайлы демалыс-сауықтыру шипажай орынын салып, туризімді дамытсақ деген ұсыныс білдірді.
Мұсатіллә Тоқановтың ұсыныс-пікірін толық тыңдап шыққан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қолдау білдіретінін айтып, ауыл шаруашылығына ғалымның ғылыми жетістіктерін енгізуді, шаруалармен өткізілетін жиындарда насихаттауды тиісті сала бойынша орынбасары мен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысына тапсырды 

    A+
Уақыты: 2020-08-26  Айдарша: Өңір
TAG: