Бәйдібек: Мал шаруашылығында жетістіктер көп

Қысқаша

"ADAL KOMEK" жобасы аясында Бәйдібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Альфия

Концепция новой программы по развитию мясного животноводства ...

"ADAL KOMEK" жобасы аясында Бәйдібек аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Альфия Қалиеваның бөлімде атқарылып жатқан жұмыстар барысы мен алға қойылған жоспарлар" тақырыбымен тікелей эфирге шықты.

Ауданда мал шаруашылығы салысында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер баршылық. Мәселен ет өндіру бойынша 100,2 пайызға, сүт өндіру бойынша 106,8 пайызға, жұмыртқа өндіру бойынша 100,8 пайызға жоспар орындалған. Ал мал басына келсек, ол 108,9 пайызға, оның ішінде сиыр 113,1 пайызға артығымен орындалып отыр екен. Ал қой басы 104,9, ешкі 101,7 пайызды құрапты.

Бұдан бөлек маман ауылда мал шаруашылығына байланысты мал басын көбейту, өнімділікті көбейту мақсатында атқарылып жүрген жұмыстар жайлы да айтып өтті.

Мал шаруашылығы бойынша ауданда шетелдерден импорттауға 800 бас мал алып келу қажет болатын. Дегенмен бүгінгі індетке байланыстыбұл жоспар кейінге қалдырылды.

Аудан негізінен мал шаруашылығымен және (үлкен жайылым жерлері бар) егін шаруашылығымен айналысады. Статистика бойынша ауданда 50 мың бас ірі қара, 450 мың бас уақ мал, 13 мың бас жылқы және 364 түйе бар.  

    A+
Уақыты: 2020-08-17  Айдарша: Өңір
TAG: