Бәйдібектік еріктілер жарады

Қысқаша

Бәйдібек ауданының жалынды жастары үлгілі істің жаршысы болып жүр. Еріктілер тобы ауда

image.png

Бәйдібек ауданының жалынды жастары үлгілі істің жаршысы болып жүр. Еріктілер тобы аудандағы науқастарды естен шығармай, оларға көмек қолын созуда. Бүгінде ауданда 150-ден астам ерікті бар. 

Індет белең алған шақта жұрт дүрлігіп, дәріханаларда бетперде тапшылығы сезіле бастаған уақытта қайырымды істі қолға алғандардың бірі - бәйдібектік еріктілер. Осы кезеңде барлық жастар жұмылдырылып 100 мың медициналық маска тігіп тұрғындарға тегін таратқан.

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Асыл Абжаловтың айтуынша ауданда медициналық бетперде тапшылығын жоюға аудандағы кәсіпкерлер мен қоғам белсенділері де белсене ат салысқан. Аудан кәсіпкерлерінің ұйымдастыруымен 40 мың дана бетперде алып келінген. Олар аудандағы тұрғындарға үлестірілген.

Індет тұсында көмек беріп, қол ұшын созған жаны жайсаң жас еріктілерге тұрғындар шексіз дән риза.

Бүгінде аудандағы жалпы жағдай тұрақтанған. Медициналық бетперделер мен дәрі-дәрмек тапшылығы байқалмайды. Сондай-ақ науқастар да 90 пайызға кеміген.

    A+
Уақыты: 2020-08-12  Айдарша: Өңір
TAG: