Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері алға қойылған мақсаттарды стратегиялық жоспарлы құжаттармен бекітіп, кезең-кезеңмен алға жылжып келеді.
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Елбасы Жолдауында аталған Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингідегі Қазақстандық позициясының жақсаруы — әлем алдындағы абыройын жоғарылату жөніндегі саяси ұстанымының дұрыстығының дәлелі. Әлемнің 180-нен астам еліндегі бизнес ахуалдарын жақсартуындағы әрекеттерін объективті сыртқы бағалау болып табылатын «Doing Business» рейтингін Дүниежүзілік банкі жыл сайын 11 индикатор бойынша есеп жасап, жүргізуде. Жалпы Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Кәсіпорындарды ашу» және «Меншікті тіркеу» индикаторлары бойынша көрсеткішті жақсарту — әділет органдары міндеттерінің басым бағыттарының бірі.
Осы тұста шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектілері өз қызметтерін заң шеңберінде тиімді жүзеге асыруда әділет органдарын айналып өтпейді. Өйткені, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, кез келген заңды тұлғалар қызметін жүргізу үшін әділет органында мемлекеттік тіркеуден өтуі міндеттелген. Әділет органдары жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу қызметін жүргізетін уәкілетті орган болып табылады. Әділет органдарының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі –«Электронды үкіметті» дамыту. Яғни, әділет органдарының кейбір қызметтерін «Электронды үкімет» порталы арқылы ақпараттық жүйеден кедергісіз алуының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Осыған орай, әділет органдары қызметінің басым бағыттарының бірі бизнес жасауды жеңілдету болып белгіленді. Бұрын-соңды тіркеу кезінде тапсырылатын құжаттар тізбесінен жарғы, заңды тұлғалардың орналасқан жері туралы құжаттар, құрылтайшы-заңды тұлғаның салық борышының жоқтығы туралы анықтама сияқты бірнеше құжаттар ұсыну талап етілетін. Қазіргі таңда қағазбастылық азайған.
Сонымен қатар, бұрын беріліп келген заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті мүдделі субъектілер үшін «Электронды үкіметтің» веб-порталында қолжетімді электрондық анықтама алмастырады.
Осындай заңнамалық жаңалықтар кәсіпкердің құжаттары заң талабына сай болған жағдайда бизнесін жеделдетіп ашуына толықтай мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингідегі Қазақстандық позициясының жақсаруы — басты мақсатымыз.
Жігер ТОҚСАБАЕВ,
Ордабасы ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы, аға сот орындаушысы.