Ордабасы: Мақсат - мал тұқымын асылдандыру

Қысқаша

Ауыл шаруашылығын дамытудың ең басты бағытының бірі – ет өндіруді молайту. Осы орайда,

АШМ жылқы шаруашылығына қандай субсидиялар берілетіндігін жариялады

Ауыл шаруашылығын дамытудың ең басты бағытының бірі – ет өндіруді молайту. Осы орайда, мал тұқымын асылдандыру аса актуалды болып отыр. Шаруа қожалықтары үшін асыл тұқымды мал басын көбейту қожалықтың әл-ауқатын арттыру саналады.

Ордабасы ауданының шаруалары мал тұқымын асылдандыру ісінде бүгінде тәжірибелі бола бастаған. Ауыл шаруашылығы соңғы жылдары жақсы қарқындаған аймақта жыл басынан бері 4129 бас асыл тұқымды мал сатып алынды. 327 бас мүйізді ірі қара, 3739 уақ мал және 63 бас жылқы «Сыбаға», «Алтын асық» пен «Құлан» бағдарламалары бойынша алынды. Жалпы жергілікті шаруа қожалықтарында 2 миллионға жуық мал басы есептелуде.
Шаруалар төрт түлікті көбейтумен қатар, өндірілген өнімін тек облыс көлемінде ғана емес, өзге өңірлерге экспортқа шығарды. Мал шаруашылығы өнімдерін арттыру бағытында жыл басынан бері 11 365,2 тонна ет өндірілді. Биылғы жылдың алты айында ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 12 млрд. 952 млн. теңгені құраған.
Сондай-ақ, Ордабасы ауданында биыл қосымша 60 мал бордақылау алаңдары ашылып, жалпы саны 339 –ға жетті. Ауданда құс шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. 2020-шы жылдың 6 айында 5000 тоннаға жуық құс, үндік еті өндіріліп, сатылымға шығарылды.

    A+
Уақыты: 2020-08-24  Айдарша: Өңір
TAG: