Ордабасыда сүт өнімінің әлеуеті жақсы

Қысқаша

Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка тауар-cүт фермасында тәулігіне 12 тонна шикі сүт өнім

СҮТТІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка тауар-cүт фермасында тәулігіне 12  тонна шикі сүт өнімі алынады, одан терең өңдеу арқылы 19 түрлі сүт өнімі шығарылады. Компания кешені толығымен роботтандырылған. Онда 1100 сиыр болса, сауылатын сиыр- 615.  Ір сауын сиыр тәулігіне 30-32 литр сүт береді. 

Тәулігіне 50 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран және балаларға арнап «Бөрте Милка» йогуртының 6 түрін шығаратын болады. Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі таңда зауыт іске қосылуға толық дайын. Жұмысын бастаған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастамақ. Олармен келісім-шарт жасалады. Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып соғылған. 

Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады - сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау камералары орнатылған.

    A+
Уақыты: 2020-08-20  Айдарша: Өңір
TAG: