Ордабасы: 637 жүлдені қанжығасына байлаған аудан

Қысқаша

Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқара

image.png

Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жиырма жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында елімізде қыруар жұмыстар ат­қарылды. Жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстану бізге кешеден бүгінге жеткен дәстүр іспеттес. 

Бүгінде спортқа жаны құмар жеткіншектер, ересектер әлемнің талай елінен алтын-күмісінен асынып, бой көрсетіп жүрген жайы бар. Ордабасы ауданы да спорт жолында біршама жүлдені қанжығаға байлап үлгерген.

Негізінен Ордабасы ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі екеу. Бұл мектептерде спорттың 13 түрінен жасөспірімдер дайындалады.

Сонымен қатар, ауыл округтерінде де қазақ күресі, футбол, дзюдо, бокс, қол күрес, еркін күрес, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, аралас жекпе-жек, белбеу күрес, каратэ-до, самбо спорт секциялары ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда Ордабасы ауданындағы жаттықтырушылар саны 72, спорт мектебінде 2012 оқушы тәрбиеленуде.

Бүгінге дейін ауданда қанаттанып, ұлттық құрамаға енген спортшы -19, облыс құрамасына енген ордабасылықтар - 45. Қазақстан Республикасының 18 чемпионы, Қазақстан Республикасы чемпионатының 137 жүлдегері, облыста топ жарған 75 чемпион, облыс чемпионатының 418 жүлдегері Ордабасы ауданында шыңдалған.

Бұқаралық спорт бүгінгі Қазақ­стан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін ауадай қажет. Сондықтан да ордабасылық спорт сүйерлердің қатары көбейе түссе нұр үстіне нұр еді.

    A+
Уақыты: 2020-08-19  Айдарша: Өңір
TAG: