Ордабасы: Орталық саябақ жаңаланды

Қысқаша

Ордабасы тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық. Аудандағы халықтың тыныштығы мен с

image.png

Ордабасы тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жаңалық. Аудандағы халықтың тыныштығы мен сергуі үшін керемет орталық саябақ жаңа кейіпке енді. "Өмір жолы" ЖШС саябақтың 5 гектарында «Даңқ» мемориалын, «Ауданның құрметті азаматтары» аллеясын, балалар алаңшасын, субұрқақ, спорт алаңшасын салып, ел игілігіне тапсырды.
«Даңқ» мемориалына Ұлы Отан соғысына ауданнан аттанған соғыс ардагерлерінің есімдері тасқа қашалып жазылып, онымен қоса 1979-1989 жылдар аралығында өткен Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне және бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен аналарымыздың құрметіне ескерткіштер орнатылды.
Сонымен қатар, Төрткүл ауылында да абаттандыру жұмыстары басталды. "Даулет" ЖШС Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бойынан аяқжол төсеп, арнайы беседкалар орнату жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, бұл аумақ жарықтандырылып, 12 800 шаршы метр аумақ көгалдандырылады. Және де ойын алаңшасын салып, кіші футбол және баскетбол ойындарына арналған алаңдарды ел игілігіне беру жоспарланған.

Сонымен қатар, аудандағы Темірлан елді мекенінде "Арбат" аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мердігер мекеме – "АРТ Құрылыс" ЖШС-і. Ағымдағы жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары желтоқсан айында толық аяқталмақ. Ал Темірландағы 600 орындық жаңа мектеп жаңа оқу жылына орай есігін ашады. Аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, биыл пайдалануға берілген нысанның бірі – "Орталық саябақ". Абаттандыру жұмыстары жүрген, жалпы аумағы 5 гектар саябақта Даңқ мемориалы, ауданның құрметті азаматтарының аллеясы, ботаникалық бақ пен спорттық алаңшалар орналасқан.

    A+
Уақыты: 2020-08-16  Айдарша: Өңір
TAG: