Тәуелсіздігміздің 30 жылдыға аясында ұйымдастырылып отырған көрменің басты мақсаты – өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында қала тұрғындарын, ұйымдары мен мекемелерін жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерімен кеңінен таныстыру.
Іскерлік байланыстарды орнату үшін әлеуетті тұтынушылар шақырылды: мердігерлер және жобалық ұйымдары, қонақ үй және мейрамхана бизнесінің өкілдері, сауда және дистрибьюторлық компаниялар, жергілікті атқарушы органдар және ведомстволық бағынысты ұйымдар.
Экспозицияда тамақ, жеңіл, машина жасау, фармацевтика, химия, жиһаз өнеркәсібі және құрылыс материалдарын шығаратын 90-нан астам кәсіпорын ұсынылады.