Шымкент: Электр энергиясын тұтыну жетіспеушілігі толығымен шешіледі

Қысқаша

Шымкент: Электр энергиясын тұтыну жетіспеушілігі толығымен шешіледі



Шымкент қаласы жаз айларында 313-315 МВт, жылыту маусымында  375 МВт (пик) электр энергиясын тұтынып отыр.

image.png

Қала электр энергиясын алып отырған энергия көздері:

• Екібастұз ГРЭС – 1,2 – 221 МВт; 

• Жамбыл ГРЭС – 40 МВт;

• Шардара ГЭС – 50 МВт;

• ТЭЦ-3 – 40-121 МВт.

Бүгінде Екібастұз ГРЭС-2 электр станциясында жөндеу жұмыстары жүргізілуінен 221 МВт орнына 120 МВт көлемінде, ал Шардара ГЭС су деңгейінің төмендеуінен 50 МВт орнына 8 МВт энергия қуатын алуда.

Осы себептердің негізінде қала аумағында 5-20 МВт уақытша шектеулер орын алып отыр.

Сонымен қатар, аталған мәселелерді шешу мақсатында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і мен Жамбыл ГРЭС арасында келісім-шарт түзілді. Келісімнің негізінде қосымша 70 МВт электр энергиясы алынады. Бұл өз кезегінде қаланың электр энергиясын тұтыну қажеттілігін толығымен жабатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы