Аудан аумағындағы орталық көшелерде күзгі мезгілде көп жылдық гүлдер (раушангүл, хризантема) отырғызу және ағаш көшеттері мен газон егу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Т.Рысқұлов, Ұ.Арғынбеков, 1 автожол және Жібек жолы көшелерін көгалдандыруда.
Көгалдандыру жұмыстарын мердігер мекеме “Build Stroi” ЖШС-і тарапынан 125 жұмысшы 30 техника жұмылдырылып, кестеге сәйкес орындалуда. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан бағаланып, ризашылығын білдіруде.
Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.