Балалар арасында жоспарлы екпенің маңыздылығы түсіндірілді

Қысқаша

Балалар арасында жоспарлы екпенің маңыздылығы түсіндірілді

Шымкентте денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері балаларға Манту сынамасы, БЦЖ (туберкулезге қарсы) және 16 жастағы жасөспірімдер арасында АДС-М (дифтерия, сіреспеге қарсы) екпе жүргізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуде. 

image.png

Шымкент қалалық №6 емхананың дәрігерлері мектеп медбикелері және ата-аналармен жоспарлы екпе қабылдау бойынша кездесулер өткізді. 

— Балалар және жасөспірімдер арасында жоспарлы екпені қабылдаудың маңыздылығы бойынша емханаға қарасты жеті  мектептің мейіргерлерімен  басқосу ұйымдастырдық. Сондай-ақ  №136, 137 жалпы білім беретін мектептерде ата-аналармен кездесіп, балаларға салынатын екпенің қажеттілінін түсіндірдік. 100-ге жуық ата-ана қатысты. Балаларға егілетін екпеге қарсы болып келген ата-аналар түсіндіру жұмысынан кейін өз келісімдерін берді, - дейді емхананың бөлім меңгерушісі Лаззат Құрбанова. 

Айта кетейік, түсіндіру жұмысы емханаға қарасты №87,56,52,51,77 мектептерде санитарлық талаптарға байланысты ZUM платформасы арқылы онлайн өтті.