Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында жарықтандыру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи энергия үнемдегіш LED шамдары орнатылуда.
Көше шамдарын қайта жаңарту жұмысы барысында 1 727 жарық шам мен 643 электр бағанасы ауыстырылып, 84 шақырымға жер асты кабелін тарту жоспарланып отыр.
Реконструкция жұмысы қазір Желтоқсан, Ғ.Ильяев пен Б.Момышұлы көшелерінде басталған. Атап айтқанда, Желтоқсан көшесінде қазір 116 жарық шам ауыстырылып, 2,9 шақырымға жер асты кабелі тартылуда.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, жыл соңына дейін 30 көшедегі түнгі жарық шамдар толық жаңарып, LED шамдары орнатылады.
Жарық шамдары қайта жөнделетін көшелер ішінде Темірлан тас жолы, Республика даңғылы мен Гагарин, Түркістан, Төле Би секілді қаланың басты көшелерімен бірге елді мекендегі көшелер де бар.
Одан бөлек, қаламызда ағымдағы жылы 104 көшеде жаңа жарықтандыру жүйесін орнату жұмыстары басталса, оның 51 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі