Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-сі Сарыағаш аудандық филиалы мен Жартытөбе ауыл округі Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Күміс топтама" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Аналар кеңесінің мүшелері этнос жастарына қазақ әйелдері пайдаланған ұлттық күміс әшекейлерді, олардың қолданылу тәртібін таныстырды.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын, ұлттық дәстүрді этнос жастарына насихаттау, оны дәріптеу аудандағы Аналар кеңестерінің басты жұмыс бағыттарының бірі.
Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану" жобасы аясында Жартытөбе ауыл округі Аналар кеңесінің төрайымы Салтанат Жылқыбаеваның бастамасымен ұйымдастырылды.
Айта кетері, 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Елбасының, қатысушылардың қолдауымен «Қазақтану» мәдени-ағарту жобасы қабылданған болатын
«Қазақтану» жобасы қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан Республикасы халқының қоғамдық санасына енгізу жүйесін құру мақсатында қолға алынды. Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Қазақстан халқын топтастырушы ортақ құндылықтарды қалыптастыру міндетін көздейді. Ол жалпыға ортақ құндылықтар ретінде қазақ халқының ұлттық тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын белгілеп, олардың біртұтас Қазақстан халқы арасында танымалдылығын арттыруды мақсат тұтады.