"Талибан" (Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Ауғанстан уақытша үкіметінің жаңа құрамын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.
Билікке келгендер:
премьер-министрдің міндетін атқарушы - Хасан Ахунд ("Талибан" басшылық кеңесінің басшысы, 1996 жылдан 2001 жылға дейін СІМ басшысы);
вице-премьердің міндетін атқарушы - молда Абдул Ғани Барадар (қозғалыс саясаттанушысының басшысы);
екінші вице-премьердің міндетін атқарушы - Абдул Салам Ханафи (политофис басшысының орынбасары);
корғаныс министрінің міндетін атқарушы - Мохаммад Якуб ("Талибан" басшысының орынбасары);
ІІМ басшысының міндетін атқарушы - Саражуддин Хаккани;
барлау басшысының міндетін атқарушы - Абдул Хак Васик;
СІМ басшысының міндетін атқарушы - Әмір Хан Мутаки (қозғалыс басшылығының бұрынғы өкілі);
экономика министрінің міндетін атқарушы - Мохаммад Ханиф;
қаржы министрінің міндетін атқарушы - Хедаятулла Бадри;
Ауғанстан Орталық банк басшысының міндетін атқарушы - Мохаммад Идрис.