Америкалық зымыран аспанда жарылды

Қысқаша

Америкалық зымыран аспанда жарылды

Америкалық Firefly Aerospace компаниясының Alpha зымыраны ұшырылғаннан кейін бірнеше минуттан соң жарылды.

image.png

- «Көтерілудің бірінші кезеңінде ауытқулар пайда болды, бұл зымыранның жарылуына әкелді. Қосымша ақпарат жиналғанда хабарланады», – делінген Firefly Aerospace-тің Twitter-дегі хабарламасында.

Spaceflight Now қызметінің мәліметінше, жарылыс ұшқаннан кейін 2,5 минуттан соң болған. АҚШ-тың ғарыш күштері «Ванденберг» әскери-әуе күштерінің базалары Firefly Aerospace америкалық компаниясының Alpha зымыранын ұшыруды қашықтан аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы әскери базаның сайтында хабарланды.

- «ВВС Space Launch Delta 30 әуе күштері Тынық мұхиты уақыты бойынша 19.01-де Firefly Aerospace Alpha зымыранын ұшырды, ол 2 қыркүйекте 18.59-да Ғарыштық күштер базасында 2-ғарыштық ұшыру кешенінен шықты»,– делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Әскерилер жақын арада мамандар оқиғаның себептерін анықтау үшін жиналыс өткізетінін атап өтті.

2020 жылдың 20 қыркүйегінде Firefly Aerospace компаниясы зымыранның бірінші сатысын жерде сынақтан өткізді. Alpha зымыранының статикалық сынақтары 18 тамызда сәтті өткені хабарланды.