Қала әкімі «Тассай» индустриалды аймағындағы өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Қысқаша

Қала әкімі «Тассай» индустриалды аймағындағы өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов  «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан «DentaFill Kazakhstan» ЖШС дәрі және гигиеналық заттар өндірісінің құрылысы барысымен танысты. Жоба құны – 2 500 млн тенге. Кәсіпорын жылына 10 млн дана дәрілік препараттар шығаруға қауқарлы. Жаңадан 90 жұмыс орны ашылады.

2020-2021 жылы іске асыру жоспарланған нысанның бүгінде 80 % құрылыс жұмыстары аяқталды. Қараша айында құрылысы аяқталып, желтоқсан айының басында құрылғылар орнатылады.

Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, импортқа тәуелділікті азайту үшін мұндай кәсіпорындардың маңыздылығын атап өтті.  

– Шымкент қаласы фармацевтика өндірісінің орталығы болуы тиіс. Қазір медициналық мақсаттағы өнімдерге сұраныс артып отыр. Жастарды өндірістік практикадан өткізіп, кәсіби мамандар даярлауды қолға алған дұрыс. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетуге дайынбыз, – деді қала әкімі.  

Айта кетсек, кәсіпкерлерге индустралдық аймақтан 1 га жер берілді. «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту жұмыстары атқарылуда.