Мерзімді басылымдар секторында 15 қараша Ұлттық валюта - теңге күніне орай "Ұлттық валюта - мақтанышым" атты танымдық сағат өтті.
Іс-шара мақсаты Тəуелсіздігіміздің тірегі, нышаны əрі символдарының бірі болған теңге күнін атап өту, теңгенің шығу тарихымен таныстыру, ұлықтау жəне дəріптеу.
Қазақ елі үшін мəн-маңызы жоғары төл теңге - Тəуелсіздік тұғыры. Төл теңгемізді ұлықтау үшін өткізілген іс - шараға Шымкент қаласы N137 жалпы орта мектебінің 11 "Г" сынып оқушылары жəне осы мектептің тарих пəнінің мұғалімі Садыкова Данель Нұрсағатқызы айрықша дайындықпен келіп белсене қатысты.