Әйел затының қоғамда алар орны ерекше. Әйел заты тіршілік бастауы. Әсіресе өмірін жаңа бастап келе жатқан өрімдей жас қыздарға қолдау көрсету аса маңызды. Қызды ертеден-ақ атам қазақ ерекше құрметтеген. Қыз кішіпейіл, тәрбиелі, инабатты, ибалы болуы қажет деп саналған. Тіпті бүгінгі күнге дейін қыздың орны ерекше, қызды үйде төрден түсірмейді. Ол тек барған жерінде, отау тіккен өз үйлерінде ғана босаға жақта, төменде отырған. Ал өз үйінде қызға ерекше құмет кқөрсетіледі. Сондай-ақ қыз баласын жастайынан қырық үйден тыйып өсірген, нәзік етіп жетілдірген.
Осы орайда қыздармен жүйелі жұмыс істеу мақсатында Бәйдібек аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің Мыңбұлақ ауыл округінің “Жастар ісі жөніндегі инспектор” маманы Айгүл Жүнісбекованың ұйымдастыруымен оқушы қыздар арасында “ Қыз еркем қылығымен көркем” кездесу жиыны болып өтті.
Жиынның мақсаты: қыздар арасындағы жат қылықтар мен келеңсіз жағдайлардың алдын-алу болып табылды. Себебі бүгінде әлі санасы жетілмегн қыздарды азғырып, теріс жолға салып жіберетіндер көп. Қыз бала сыни ойлай біліп, дұрыс шешім қабылдағаны абзал. Инспектор маман қыздарға ақыл-кеңестерін айтып, жөн-жоба ұсынып, алдағы уақытта қыздармен жүйелі түрде арнайы жұмыс істейтінін айтты.