«Рухани жаңғыру» – ұлттың идеологиялық құжаты

Қысқаша

2020 жылы мемлекеттік хатшының тапсырмасына сәйкес, бағдарламаны үш бағытта жүзеге асыру белгіленді. Бірінші бағыт – тұлғаны дамыту, екінші бағыт – ұлттың дамуы, үшінші бағыт – қоғамдастықтың, азаматтың қоғамның дамуы. Осы үш бағыт бойынша қала әкімі Мұра

Screenshot_10.png

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарияланып, ондағы айтылған жобалардың жүзеге асып келе жатқанына төрт жыл толды. Ал үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласында бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2020 жылы мемлекеттік хатшының тапсырмасына сәйкес, бағдарламаны үш бағытта жүзеге асыру белгіленді. Бірінші бағыт – тұлғаны дамыту, екінші бағыт – ұлттың дамуы, үшінші бағыт – қоғамдастықтың, азаматтың қоғамның дамуы. Осы үш бағыт бойынша қала әкімі Мұрат Әйтенов бекіткен 2021 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бар. 144 тармақтан тұрады.

Шымкент қаласында 2021 жылдың І жартыжылдығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барлығы 281 іс-шара ұйымдастырылған. Оның 85 пайызы оффлайн форматта өткізілді. Былтырғы қыркүйек айынан «Еңбек елдің мұраты», «Дәстүр және ғұрып», «Құқықтық мәдениет», «Үнем – қоғам қуаты» деген қосымша төрт арнайы жобалар қосылды. Оларды түсіндіру, талдау бойынша семинар-тренингтер өткізлуде. 

Бағдарламаның  үздік жобасының бірі – «экосана» акциясы.  Қаланың белсенді жастары мен тұрғындары сенбілікке шығуды әдетке айналдырып келеді. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын көп адамдар тек салт-дәстүр, мәдениет, іс-шара, концертпен байланыстырып, күй тартылса, ән айтылса «рухани жаңғыру» деп ойлайды. Ал шын мәнінде ұлттық құндылықтарды барынша тереңінен зерттеу, көпшілікке ұғынықты түсіндіру, сіңдіру, одан бөлек ғылыми-инновацияларды, инфрақұрылымды, тарихи орындарды дамыту да «Рухани жаңғырудың» бағыттары. «Рухани жаңғыру» біздің қоршаған ортаға, экологияға көзқарасымызды өзгертуге бағытталған. «Рухани жаңғыру» спортпен айналысуды, дағдымызды күшейтуді еске салады. «Рухани жаңғырудың» түпкі мақсаты – жаңғыр, санаңды жаңғырт, өзіңнен баста, өзіңді-өзің жең",- дейді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева.


    A+
Уақыты: 2021-09-28  Айдарша: Өңір
TAG: