Тәуелсіздік ұғымы насихатталды

Қысқаша

Тәуелсіздік ұғымы насихатталды

Screenshot_5.jpg

Ұлан-байтақ даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған ата-бабамыз тәуелсіз ел болуымызды армандап өтті. Бөрі етектен тартып, жау жағадан алған заманда тәуелсіздік аса өзекті құндылық еді. Өткен ғасырларда әрбір қазақ баласы тәуелсіздікті аңсап, арманда кетті. 1991 жылы қазақ халқы арман болған Тәуелсіздікке қол жеткізді. Бұл өте үлкен бақыт еді. Мұндай бақытқа жете алмай жүрген халықтар қаншама. Әлемде тоғызыншы орын алатын жеріміз, аса мол қазба байлығымыз еліміздің еңсесін тіктеуге зор үлесін қосты.

Ендігі кезекте осынау Тәуелсіздік дейтұғын қастерлі ұғымды келер ұрпаққа насихаттаған аса маңызды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі әрбір жасқа тәуелсіздік қадірі ұғындырылғаны абзал. Осы орайда Бәйдібек ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шәмші Қалдаяқов атындағы "Менің Қазақстаным" аудандық ән байқауы болып өтті. 

Байқауға 8 үміткер қатысып өз өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімімен - 1 орын Аманжол Мұхтар; 2 орын Әбілқасым Алина; 3 орын Серікбай Аңсарға бұйырды. Ал "Ең жас орындаушы" номинациясына Асил Рамазан; "Көрермен көзайымы" номинациясы Асылхан Ерасыл ие болды.