Полицияның оң имиджін бірге қалыптастырайық!

Қысқаша

Баспасөз брифингтің тақырыбы: «Сервистік полицияға көшу процесінің жай-күйі және «2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы бойынша» атқарылып жатқан жұмыстар».

Screenshot_11.png

Ақпараттық-коммуникациялар орталығында Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Алмас Әмзеевтің қатысуымен баспасөз брифингі тікелей эфирде онлайн форматта өтті.  

 Баспасөз брифингтің тақырыбы: «Сервистік полицияға көшу процесінің жай-күйі және «2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы бойынша» атқарылып жатқан жұмыстар».    

- Бүгінгі таңда, Департамент басшылығы және аудандық полиция басқармаларының басшылары тұрғындармен кездесулер өткізіп, олардың пікірі мен ұсыныстарын тыңдап, тиісті шешімдер қабылдауда. Осындай жұмыстардың нәтижесінде полицияның қызметі сервистік модельге көшуде. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі кезекті жолдауында «Полиция жұртқа жақын болу қажет» екенін атап өтті. Сервистік полиция - полиция қызметіндегі қоғамға бағытталған тәсіл-басқару стилі, проблемаларды шешуге және қоғаммен серіктестікке бағытталған ұйымдастырушылық стратегия. Осы стратегия шеңберінде полиция қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасауға, полиция қызметінің тиімділігі және белгілі бір аумақта тұратын тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелерінің басымдылығы туралы халықтың пікірін ескере отырып, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешуге бағытталған белсенді жұмыс моделіне бағдарланады. «Полицияның сервистік моделінің» негізін сипаттауға болатын негізгі қағида: полиция - бұл халық, ал адамдар – полиция» екенін атап өтті, - полиция полковнигі А. Әмзеев. 

Сондай-ақ, полиция полковнигі 2021 жылғы жетістіктерге тоқталды. Атап айтсақ, 2021 жылғы 17-24 тамыз аралығында Украина мемлекетінің астанасы Киев қаласында жауынгерлік джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатының шаршы алаңында полиция майоры Катбаев Галымжан Бахытович ІІ-орынды иеленді. Сонымен қатар, Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері полиция лейтенанты Сафиулин Закир Наильевич әлемдік деңгейде өнер көрсетіп сайысқа түсуде.  

Брифинг соңында Полиция департаменті бастығының орынбасары Шымкент қаласының тұрғындарына полицияның оң имиджін бірге қалыптастыруға шақырды.


    A+
Уақыты: 2021-09-28  Айдарша: Өңір
TAG: