Биыл Қазақстан республикасының тәуелсіздік алғаны 30 жыл толады. Осы 30 жылда мемлекетіміз көптеген қиындықтарды еңсеріп, ауыз толтырып айтарлықтай талай жетістікке жетті. Орта Азияда көш бастап, бірнеше көрсеткіш бойынша алдыға шықты. Бұның бәрі жүйелі жұмыстардың арқасында. Экономикасын тіктеген Қазақстан халықтың әлеуметтік жағдайына реттеуге де көп күш салуда. Біздің қоғамда әрбір адамның орны аса маңызды. Жұмысқа жарамсыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет барынша қолдау көрсетеді. Олар да қоғамның бір бөлшегі екенін сезініп, ортадан жырақтап қалмайды.
Осы орайда бүгін Бәйбідек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №19 колледжінің АКТ залында тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан тұғырлы тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында «Зағиптар қоғамдық бірлестігінің» «Өмір өзен» атты ән кеші болып өтті.
Концерттік бағдарламаға аудандық әжелер алқасының төрайымы Ә. Әлиева, «Сәт» триосының мүшесі Азат Әбілдаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары, 19 колледж студенттері және өнерпаздар қатысты.
Кеш соңында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы, аудандық мәслихат депутаты А.Кенеханның арнайы алғыс хатымен өнерпаздар марапатталды.