Атамекендегі ауыз су мәселесі шешімін табады

Қысқаша

Атамекендегі ауыз су мәселесі шешімін табады

24.jpg

Жуырда халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Жалпы, ондаған жылдар бойы қомақты қаржы бөлінгеніне қарамастан, ауыз су мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сондықтан, Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет,-деп атап өткен болатын. 

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі Атамекен елді мекенінде ауыз су мәселесі өзекті болып келген. Бұл мәселе биыл шешімін табатын болады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атамекен елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мердігер мекеме «ТВИК» ЖШС тарапынан ұзындығы 5,374 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Ауыз судың азабын тартқан ауыл тұрғындарына таза су тұтынатын күн алыс емес. Қазіргі таңда елді мекенде табиғи газ және жол құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, яғни жыл соңына дейін 2230-дан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Сарыағаш ауданында 71 елді мекен, 192 500 тұрғын оның ішінде: 2020 жылдың соңына 40 елді мекен (халық саны 130 422) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтылған, елді мекен санына шаққанда 56,3 пайызын құрайды.


    A+
Уақыты: 2021-10-25  Айдарша: Өңір
TAG: